Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 3-7 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422-бабына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін бір әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Көксу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 10 маусымдағы "Көксу ауданы бойынша тіркелген салық төлеушілерге белгіленген бірыңғай салық ставкасын бекіту туралы" N 26-1 (Көксу аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдедегі 2-14-77 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдеде Көксу аудандық "Көксу-таңы" газетінің 32(4446) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Рахымбеков Аманбек) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихаты
сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы Б. Қисметов
КЕЛІСІЛДІ:
Көксу ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
2011 жылғы 18 наурыз
Көксу ауданы мәслихатының
2011 жылғы 28 наурыздағы
"Салық төлеушілер үшін 2011 жылға
арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу
туралы" N 54-3 шешіміне
қосымша
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкасының мөлшері
Рет |
Салық салу объектісінің |
Бірыңғай тіркелген салықтың |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге |
1 |
2 |
Бiреуден артық ойыншылардың |
1 |
3 |
Ойын өткiзу үшiн |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |