Көксу ауданы бойынша барлық салық төлеушілер үшін 2012-2014 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 3-7 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 16 мамырда N 2-14-129 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38-2 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 19.12.2014 № 38-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2012-2014 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы "Көксу ауданы бойынша тіркелген салық төлеушілерге белгіленген бірыңғай салық ставкасын бекіту туралы" N 54-3 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2011 жылдың 5 мамырдағы 2-14-109 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 13 мамыр айында Көксу аудандық "Нұрлы-Көксу" газетінің 19(74) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шеңгелбаев Секенбай Сейтжанұлы) жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Сәрсеқұлов

      Аудан мәслихатының
      хатшысы                                    Ә. Досымбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көксу ауданының
      салық басқармасының бастығы                Қанабек Досжанұлы Нұрғалиев
      2012 жыл 12 сәуір

Көксу ауданы мәслихатының
2012 жылғы 12 сәуірдегі "Көксу
ауданы бойынша барлық салық
төлеушілер үшін 2012-2014
жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
белгілеу туралы" N 3-7 шешіміне
қосымша

Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2012-2014 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкасының мөлшері:

Рет
N

Салық салу объектісінің
атауы

Бірыңғай тіркелген салықтық
базалық ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын
автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін
пайдаланылатын дербес
компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады