Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 54-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы N 209-11 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 1, 2-тармағына сәйкес, және аудан әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 81-02-06/731 ұсынысын негізге ала отырып аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы бойынша тіркелген салық төлеушілерге бірыңғай белгіленген салық сомасының ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан мәслихаты
сессиясының төрағасы С. Ботанбаев
Аудан мәслихатының
хатшысы Б. Қисметов
2009 жылғы 10 маусымдағы
"Көксу ауданы бойынша тіркелген
салық төлеушілерге белгіленген
бірыңғай салық ставкасын
бекіту туралы" N 26-1 шешіміне
қосымша
422-бап. Тіркелген салық ставкасы
1. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай базалық ставкаларының мөлшері:
Рет N |
Салық салу объектісінің |
Тіркелген салықтың бірыңғай |
1 |
2 |
3 |
1. |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |
Аудан мәслихаты
аппаратының басшысы М. Қаблисанов