Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының 2012.11.05 N 10-375 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 08 қарашадағы № 81-01-81-10/1794 ұсынысына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының 2012.11.05 N 10-375 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Сәрсеқұлов Нұрсағи Сәбитұлы) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы | С. Байғабылов |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Қисметов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Көксу ауданының экономика, | |
бюджеттік жоспарлау және | |
кәсіпкерлік бөлімінің бастығы | Ә.Б. Әмірсейітова |