Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 66-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 13 қаңтарда N 2-14-121 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы N 41-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.05.2015 N 41-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының 2012.11.05 N 10-375 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 08 қарашадағы № 81-01-81-10/1794 ұсынысына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының 2012.11.05 N 10-375 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Сәрсеқұлов Нұрсағи Сәбитұлы) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Байғабылов
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Қисметов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Көксу ауданының экономика,
      бюджеттік жоспарлау және
      кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Ә.Б. Әмірсейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады