Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 66-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 21 қарашада N 2197 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы N 41-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.05.2015 N 41-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4–тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 66-3 шешіміне (2012 жылдың 13 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-14-121 енгізілген, 2012 жылдың 20 қаңтарында аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің N 3(112) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі " тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Cессия төрайымы С. Әбдірахманова
      Мәслихат хатшысы Ә. Досымбеков
      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы Әсел Базарханқызы Әмірсейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады