Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 22.01.2013 N 03/03 қаулысымен.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды ретке келтіру мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату үшін тұрақты үй-жай ретінде Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 18 мекенжайында орналасқан "Зебра" секс-шоп дүкені анықталсын.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату үшін тұрақты үй-жай белгілеу туралы" 2011 жылғы 25 шілдедегі N 32/03 қаулысы жойылсын.
Ескерту. Қарағанды қаласы әкімдігінің 25.07.2011 N 32/03 қаулысы РҚАО-ға түскен жоқ.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Әбдішев