Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату үшін тұрақты үй-жай белгілеу және Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 32/03 қаулысын жою туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 42/53 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қарашада N 8-1-141 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 03/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 22.01.2013 N 03/03 қаулысымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды ретке келтіру мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату үшін тұрақты үй-жай ретінде Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 18 мекенжайында орналасқан "Зебра" секс-шоп дүкені анықталсын.
      2. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату үшін тұрақты үй-жай белгілеу туралы" 2011 жылғы 25 шілдедегі N 32/03 қаулысы жойылсын.
      Ескерту. Қарағанды қаласы әкімдігінің 25.07.2011 N 32/03 қаулысы РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Әбдішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады