Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Шакентаев), "Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов):
1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 28/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
3) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасау туралы жұмыс жүргізсін;
4) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 28/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
3. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарға орналыстырған азаматтарға ақы төлеуін келесі мөлшерде жүргізсін:
1) алғашқы алты айда аудандық немесе республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 50 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 50 пайызы аз емес мөлшерінде;
2) келесі үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 30 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 70 пайызы аз емес мөлшерінде;
3) соңғы үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 15 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 85 пайызы аз емес мөлшерінде.
4. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 30/28 "2011 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-99 тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 3 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |
Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/10 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелерінің тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2012.03.20 N 8/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Реттік N | Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер | Жоспарланатын жұмыс орындарының саны | Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай) | Айлық еңбекақы мөлшері, теңге | Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге |
1. | "Агро-Арна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 6 | 17439 | 8719,5 |
2. | "Огороды" фермерлік шаруашылығы | 7 | 6 | 17439 | 8719,5 |
3. | "Мечта" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі | 4 | 6 | 17439 | 8719,5 |
4. | "Гелло" пәтер иелерінің кооперативі | 3 | 6 | 17439 | 8719,5 |
5. | "Фортуна-Абай" пәтер иелерінің кооперативі | 2 | 6 | 17439 | 8719,5 |
6. | "Вера" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі | 2 | 6 | 17439 | 8719,5 |
7. | "Асар" пәтер иелерінің кооперативі | 2 | 6 | 17439 | 8719,5 |
8. | Жеке кәсіпкер Гайсина Л.В. | 5 | Алғашқы 6 ай | 30000 | 15000 |
Келесі 3 ай | 30000 | 9000 | |||
Соңғы 3 ай | 30000 | 4500 | |||
9. | "ХАТУУ" ауыл шаруашылығы | 10 | Алғашқы 6 ай | 52000 | 26000 |
Келесі 3 ай | 52000 | 15600 | |||
Соңғы 3 ай | 52000 | 7800 | |||
10. | "Геракл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 6 | Алғашқы 6 ай | 52000 | 26000 |
Келесі 3 ай | 52000 | 15600 | |||
Соңғы 3 ай | 52000 | 7800 | |||
11. | ""EURO-Business" микрокредиттік ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | Алғашқы 6 ай | 52000 | 26000 |
Келесі 3 ай | 52000 | 15600 | |||
Соңғы 3 ай | 52000 | 7800 | |||
12. | "Агрофирма Құрма" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 1 | Алғашқы 6 ай | 52000 | 26000 |
Келесі 3 ай | 52000 | 15600 | |||
Соңғы 3 ай | 52000 | 7800 | |||
Барлығы | 53 |