Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2011.12.29 N 32/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Баян Райқанқызы Муталяпова):
1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен шарт жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
5) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50% мөлшерде қамтамасыз етсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50% мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақыдан 50% аз емес мөлшерде.
4. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ережесі бекітілсін.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсанда N 28/07 "2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысы (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-70 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы N 1-2 және 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 16 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) және Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурызында N 03/01 "Жол картасы" бойынша 2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының (Абай ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызында N 8-9-76 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурызындағы N 14 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров
Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 30/28
қаулысымен бекітілді
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу Ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу ережелерін белгiлейдi.
2. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс берушi нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негiзде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететін тұлғалар топтары;
4) жұмыс берушi – қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
5) уәкiлеттi орган – халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды аймақтық деңгейде қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
4. Жұмыс берушi нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн уәкiлеттi органмен шарттық негiзде жұмыс орындарының саны шектелмейтiн және уақытша сипаттағы әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушi уәкiлеттi органға әлеуметтiк жұмыс орындарының саны, еңбекақы мөлшерi көрсетiлген еркiн нысанды өтiнiш бередi.
6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеуді және тiзiмiн жасауды уәкiлеттi орган төмендегi сипаттар негiзiнде жүзеге асырады;
1) қаржы ахуалы;
2) материалдық базасының болуы және техникалық жарақтануы.
7. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердiң тiзiмiн уәкiлеттi орган жасайды және олармен "Уәкiлеттi орган – Жұмыс берушi" келiсiмшартын жасайды. Келісімшарт екі данада екі жақтың әрқайсысына құрастырылады.
8. Келісімшартта жұмыс уақыты режимiне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi, шартқа өзгерiстер енгiзу, бұзу ережелері және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс мерзiмi алты айға дейiн белгіленеді.
3. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу
10. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жiберуді жұмыссыздың келiсiмiмен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
11. Жұмыс берушi жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшiрмесiн үш күн мерзiмде уәкiлеттi органға бередi.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған нысаналы топтардағы тұлғалардың еңбегін төлеу
12. Жалақының мөлшерi орындалатын жұмыстың сапасына, санына және күрделiлiгiне байланысты белгiленедi, бiрақ ол 40000 теңгеден (Қырық мың теңге) кем болмауы тиiс.
13. Қызметкерлердің көрсетілген санатының еңбегін төлеу жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
14. Мерзiмiнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға, түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiндердің жалақыларына заңдарда белгiленген тәртiппен салық салынады.
5. Есеп берушiлiк
16. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына уақытында қабылдаған жұмыс берушi, уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлайды.
17. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргiзедi, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына тоқсан сайын ақпарат бередi.