Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы N 8/05 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/10 "2012 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-131 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырдағы N 17 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/10 "2012 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-126 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 ақпандағы N 5 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1) тармақшасы алынып тасталынсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |