Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 24/180 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы XXXI сессиясының N 31/268 "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 8-12-101 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 3-4 (9430) санында жарияланған) қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын (қосымша қоса тіркелді).
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс | |
XXXІX сессиясының төрағасы | Ж. Рыспеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Жұмасейітов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жаңаарқа ауданы бойынша | |
салық басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | С. Көпеев |
2011 жылғы 10 қазан
Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 10 қазандағы ХХХІХ сессиясының N 39/343 шешіміне қосымша |
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Айына бір объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасының мөлшері АЕК (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1,5 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |