Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXIV сессиясының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 24/180 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 4653 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 53/369 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы ХХХІ сессиясының № 31/268 "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-12-101 болып тіркелген, 2011 жылғы 06 қаңтардағы № 3-4 (9430) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы ХХХІХ сессиясының № 39/343 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы ХХХІ сессиясының № 31/268 "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-12-115 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашада № 49 (9472) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XXIV сессиясының төрағасы
Ж. Абюров
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

  2018 жылғы 28 ақпандағы №24/180
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
шешіміне
қосымша

Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Айына бір объектіге белгіленген тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады