Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 31/268 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 8-12-101 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 24/180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 24/180 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін (қосымша қоса тіркелді).

      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы XIX сессиясының "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" N 19/170 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердің тіркелген нөмірі 8-12-63, "Жаңаарқа" газетінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы N 61 (9355) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихаттың кезекті


XXXІ-ші сессиясының төрағасы

Ж. Қожабекова

Аудандық Мәслихат хатшысы

Д. Жұмасейітов

КЕЛІСІЛДІ


Жаңаарқа ауданы бойынша


салық басқармасының бастығы

С. Көпеев


      2010 жыл 22 желтоқсан

  Аудандық Мәслихаттың
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
ХХХІ сессиясының N 31/268 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.10.10 N 39/343 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Айына бір объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасының мөлшері АЕК (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1,5

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады