Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылға базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған біржолғы талонның құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (И.М. Шакирбеков).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Шакирбеков |
Хатшы | К. Саккулаков |
2011 жылғы 29 наурыздағы Осакаров аудандық мәслихатының 44 сессиясының N 342 шешіміне қосымша |
2011 жылға базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарларды өткізумен, жұмыстарды орындаумен, қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны
Базардың атауы | Мамандандыру | Сауда орнының түрі | Сауда орнының көлемі, шаршы метр | 1 шаршы метр алаң үшін айлық есептік көрсеткіштен % алым ставкасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Осакаров ауданының базарлары | Азық-түліктік | Ет сату | 6,3 | 3,8 |
Азық-түлік | 8,19 | 1,15 | ||
Өнеркәсіптік | Сөреден | 13,64 | 2,3 | |
Қолдан | 1,5 | 2,3 |