Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгiленсiн:
1) жиырма бiр мен жиырма тоғыз жас аралығындағы жастар;
2) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс iстемейтіндер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Шет ауданының әкімі | Қ. Тілеубергенов |