Шет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 21/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі О.З. Стыбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Жандәулетов

      Келісілді: А. Әбілдин
      Ш.Жүніс
      М. Жонкина
      М. Мұхтаров

  Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 06 мамырдағы
№ 21/03 қаулысына қосымша

Шет ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы "Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 13/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 8-17-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 маусымдағы №26 (10 387) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      2. Шет ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы "Шет ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 08/03 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 8-17-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 маусымдағы №24 (10.333) "Шет шұғыласы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Шет ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы "Шет ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №01/02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2520 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 ақпандағы №08 (10 473) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      4. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Шет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 03/05 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2999 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 04 (10 520) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      5. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Шет ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 06/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3059 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 наурыздағы №18 (10 534) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      6. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 06/02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3058 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы № 32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      7. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы "Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 07/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3080 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы № 32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      8. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Шет ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 06/04 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3081 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы №24 (10 540) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      9. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы "Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №08/04 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3124 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;
      10. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №10/14 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3164 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады