Шет ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 08/03 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 маусымда N 8-17-119 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгiленсiн:
      1) жиырма бiр мен жиырма тоғыз жас аралығындағы жастар;
      2) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс iстемейтіндер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Шет ауданының әкімі
Қ. Тілеубергенов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады