Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2013 N 121 қаулысымен.
1997 жылғы 16 шілдедегі N 167 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42 бабын басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде соттың шешімімен "Қоғамдық жұмысқа тарту" түріндегі жазаға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы "2010 жылы аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы" N 4 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-3-151 нөмірімен 2010 жылғы 8 ақпанда тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2010 жылғы 17 ақпанындағы N 13 санында ресми жарияланған) және Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпанындағы "2011 жылы аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы" N 16 қаулысының (Аудандық әділет басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы N 2/909 санды хатымен заң сараптамасын жүргізбей пысықтау үшін кері қайтарылған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Дабыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі Н. Мұсабаев
"Келісілді"
Қылмыстық атқару
инспекциясының бөлім бастығы
______________ С. Сейталиев
"08" сәуір 2011 ж.
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы "01" наурыздағы
N 25 қаулысымен бекітілген
қосымша
Аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:
1. Санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстар
2. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары