Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.03.01 N 25 Қаулысымен.
1997 жылғы 16 шілдедегі N 167 санды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42 бабын басшылыққа ала отырып аудан көлемінде соттың шешімімен "Қоғамдық жұмысқа тарту" түріндегі жазаға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Арал ауданы әкімідігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы "2009 жылы аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" N 15 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-3-132 нөмерімен 2009 жылғы 11 наурызында тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 20 санында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Дабыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Н.Мұсабаев
"Келісілді"
Арал аудандық қылмыстық
атқару инспекциясының
аға маман инспекторы
___________С. Сейталиев
08 қаңтар 2010 жыл
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
N 4 қаулысына қосымша
2010 жылы аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:
1. Тазалық жұмыстары
2. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары