"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарын басшылыққа алып, Пригородный хозяйство көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Әйтеке би кентіндегі Пригородное хозяйство көшесінің атауы Оразымбетов Дастен Сүлейменұлы атауымен өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Ж.Жакеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ӘКІМ М.ДҮЙСЕН