Әйтеке би кентіндегі көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2011 жылғы 03 мамырдағы N 257 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 13 маусымда N 10-4-153 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарын басшылыққа алып, Пригородный хозяйство көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Әйтеке би кентіндегі Пригородное хозяйство көшесінің атауы Оразымбетов Дастен Сүлейменұлы атауымен өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Ж.Жакеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                     М.ДҮЙСЕН 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады