Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 146 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.Қарақия ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегідей орындар белгіленсін:
1) Құрық селосы бойынша:
орталық базар аумағында;
темір жол вокзалы аумағында;
аудандық емхана аумағында.
2) Мұнайшы кенті бойынша:
мәдениет үйінің аумағында;
№ 5 орта мектеп аумағында.
3) Жетібай кенті бойынша:
мәдениет үйінің аумағында;
«Жұлдыз» мейрамханасының аумағында;
Орталық базар аумағында.
4) Сенек селосы бойынша:
мәдениет үйінің аумағында;
«Сенек» ЖШС ғимараты аумағында.
5) Аққұдық селосы бойынша:
Аққұдық орталау мектебі аумағында.
6) Бостан селосы бойынша:
мәдениет үйінің аумағында;
Қарақұдық орта мектебі аумағында.
7) Құланды селосы бойынша:
Құланды орта мектебі аумағында;
«Тұлпар» дүкені аумағында.
2. Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының
әкімі Ә.Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық сайлау комиссиясының
төрағасы
Ә.Ермұханов
01 наурыз 2011 жыл