Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 146 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 2276 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 13.12.2017 № 262 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 45 "Қарақия ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-115 болып тіркелген, 2011 жылғы 02 наурыздағы № 10(415) "Қарақия" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Р.Джулбаев):

      1) қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілуін;

      2) қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Тәжібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Д. Атагараев

      09 шілде 2013 жыл

  2013 жылғы 05 шілдедегі № 146
Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 21.11.2016 № 312 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауыл және ауылдық округтердің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Құрық ауылы

1) темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд
2) аудандық емхана аумағында ақпараттық стенд

Мұнайшы ауылы

1) мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
2) № 5 орта мектеп аумағында ақпараттық стенд

Жетібай ауылы

1) мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
2) № 3 орта мектеп аумағында ақпараттық стенд

Сенек ауылы

мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
 

Бостан ауылдық округі

мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
 

Құланды ауылдық округі

Құланды орта мектебі аумағында ақпараттық стенд

Болашақ ауылдық округі

Темір жол вокзалы аумағында акпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады