Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына сәйкес, жұмыссыз жастарды – жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлер (әрі қарай – оқу орындары) түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 2011 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар (әрі қарай – жұмыс беруші) тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды іріктеуді жүргізсін және іріктеу кезінде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жастар;
2) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
3) оқу орнын бітіргені туралы құжат (диплом) міндетті болуы;
3. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтіп жатқан жұмыссыздар арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е.Әбілов
КЕЛІСІЛДІ:
Тұманбаева Жаңыл Кемелқызы
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемелекеттік мекемесінің бастығы
04 тамыз 2011 жыл
Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
«Мұнайлы аудандық экономика және
қаржы бөлімі»
мемелекеттік мекемесінің бастығы
04 тамыз 2011 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 тамыздағы
№ 108 - қ қаулысына қосымша
2011 жылға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№ |
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы |
Жолданатын жұмыссыз- |
Бір адамға төленетін еңбек ақы мөлшері (теңге) |
Тәжіри- |
Қаржыландыру көзі |
1 |
«ҚТЖ» ҰК АҚ |
19 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
2 |
Жеке кәсіпкер «Қайнаров» |
4 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
3 |
Жеке кәсіпкер «Ботақан» |
3 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
4 |
Жеке кәсіпкер «Арай» |
3 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
5 |
Жеке кәсіпкер «Румаганбетова Венера» |
3 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
6 |
«Мұнайлы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
7 |
«ХТҚК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
8 |
Жеке кәсіпкер «Жәудір» |
3 |
26 000 |
5 ай |
Республика- |
Барлығы: |
40 |