2011 жылға "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 тамыздағы № 108-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 тамызда № 11-7-98 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына сәйкес, жұмыссыз жастарды – жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлер (әрі қарай – оқу орындары) түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. 2011 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар (әрі қарай – жұмыс беруші) тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды іріктеуді жүргізсін және іріктеу кезінде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
      1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жастар;
      2) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      3) оқу орнын бітіргені туралы құжат (диплом) міндетті болуы;
      3. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтіп жатқан жұмыссыздар арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е.Әбілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Тұманбаева Жаңыл Кемелқызы
      «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемелекеттік мекемесінің бастығы
      04 тамыз 2011 жыл

      Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
      «Мұнайлы аудандық экономика және
      қаржы бөлімі»
      мемелекеттік мекемесінің бастығы
      04 тамыз 2011 жыл

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 тамыздағы
№ 108 - қ қаулысына қосымша

2011 жылға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі 

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы

Жолданатын жұмыссыз-
дар саны (адам)

Бір адамға төленетін еңбек ақы мөлшері (теңге)

Тәжіри-
бенің өту мерзімі

Қаржыландыру көзі

1

«ҚТЖ» ҰК АҚ

19

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

2

Жеке кәсіпкер «Қайнаров»

4

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

3

Жеке кәсіпкер «Ботақан»

3

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

4

Жеке кәсіпкер «Арай»

3

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

5

Жеке кәсіпкер «Румаганбетова Венера»

3

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

6

«Мұнайлы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

7

«ХТҚК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет

8

Жеке кәсіпкер «Жәудір»

3

26 000

5 ай

Республика-
лық бюджет


Барлығы:

40




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады