Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-167, 2010 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағидаларда:
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
төрағасы В. Вайзер
Қалалық мәслихаттың
хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
Рудный қаласы
әкімдігінің "Рудный қалалық
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ М. Досболов
Рудный қаласы
әкімдігінің "Рудный қалалық
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ С. Искуженов
"Рудный қалалық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Е.Скаредина