Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2011 жылғы 26 қазандағы № 380 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 3 қарашада № 9-3-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына
сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      4-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрайымы                   Е. Цвентух

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Ағуанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы
      әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы
      әкімдігінің қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы
      әкімдігінің экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ Н. Гайдаренко

О внесении изменения в решение маслихата от 22 октября 2010 года № 291 "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи"

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 26 октября 2011 года № 380. Зарегистрировано Управлением юстиции города Аркалыка Костанайской области 3 ноября 2011 года № 9-3-152. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 20 марта 2015 года № 236

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 20.03.2015 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи" от 22 октября 2010 года № 291 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-3-134, опубликованное 3 декабря 2010 года в газете "Торгай") следующее изменение:
      в приложении к указанному решению:
      пункт 4 изложить в новой редакции:
      "4. Уполномоченный орган в течение 10 календарных дней с момента предоставления необходимых для назначения жилищной помощи документов уведомляет заявителя о назначении жилищной помощи, либо дает мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи, один экземпляр которого передается заявителю.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      сессии Аркалыкского
      городского маслихата                       Е. Цвентух

      Секретарь Аркалыкского
      городского маслихата                       К. Агуанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      акимата города Аркалыка"
      _________ Н. Гайдаренко

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел финансов
      акимата города Аркалыка"
      _________ А. Мухамбетжанова

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      акимата города Аркалыка"
      __________ К. Омарова