Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада № 9-3-134 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Ш. Досов

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Ағуанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Н. Гайдаренко

Мәслихаттың       
2010 жылғы 22 қазандағы 
№ 291 шешіміне қосымша  

Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуына;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 19.02.2014 № 156 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Арқалық бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 06.08.2014 № 182 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. алынып тасталды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 06.08.2014 № 182 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 06.08.2014 № 182 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын бірінші тоқсанды қоспағанда, өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шекті жол берілетін деңгейі шегінде айқындалады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 19.02.2014 № 156 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Уәкiлеттi органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тіркелген бұйрығына сәйкес тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледi.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2012.07.27 № 49 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыссыз тұлғалармен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттар тапсырылады.
      15. Отбасының (азаматтың) белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2012.07.27 № 49 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның мына нормасы есепке алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      19. Электрлік қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы қаулысына сәйкес жүргізіледі.
      21. Осы тәртіппен белгіленген нормалардан тыс ақысын төлеу тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына, кондоминиум объектілерінің жинақ және ағымды шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2012.10.05 № 61 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады