Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына
сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрайымы Е. Цвентух
Арқалық қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Ағуанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы
әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ К. Омарова
"Арқалық қаласы
әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________ А. Мұхамбетжанова
"Арқалық қаласы
әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________ Н. Гайдаренко