Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.04.09 № 171 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бар жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерді жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко