Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 26.01.2016 № 43 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Әкімдіктің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-185 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков
қаласының әкімі В. Радченко
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығының орынбасары
__________________ Л. Бочаренко