Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 мамырда № 9-4-185 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2012.04.09 № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.04.09 № 171 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бар жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерді жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Радченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады