"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар айқындалсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар;
14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2012.02.14 № 76; 2012.04.09 № 172 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә. С.Сапароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі В. Радченко