"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Лисаков қаулысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 778 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-197 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко