"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 1-103 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдері 2011 жылдың 10 маусымына дейін белгіленсін.
2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Ж. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан
әкімі Б. Ахметов
Әкімдіктің
2011 жылғы 23 мамыр
№ 141 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық
дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері
№ |
Ауылшаруашылық дақылдардың атауы |
Себу мерзімдері |
1 |
Дәнді |
15 мамырдан 5 |
2 |
Бұршақтұқымдастар |
15 мамырдан 5 |
3 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 |
4 |
Жемшөптік (өткен жылдарындағы |
30 сәуірдегі 15 |
5 |
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс |
15 мамырдан 5 |
6 |
Бірінші, екінші және үшінші |
20 сәуірден 1 |
7 |
Көкөніс және бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 |
8 |
Картоп |
10-31 мамыр |