2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 141 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 мамырда № 9-5-122 тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 1-103 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдері 2011 жылдың 10 маусымына дейін белгіленсін.
      2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Ж. Әбішевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан
      әкімі                                      Б. Ахметов

Әкімдіктің      
2011 жылғы 23 мамыр  
№ 141 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық
дақылдар түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері

Ауылшаруашылық дақылдардың атауы

Себу мерзімдері

1

Дәнді

15 мамырдан 5
маусымға дейін

2

Бұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5
маусымға дейін

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30
мамырға дейін

4

Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерден басқа)

30 сәуірдегі 15
маусымға дейін

5

Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс

15 мамырдан 5
маусымға дейін

6

Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы бұршақтұқымдас
көпжылдық шөптер

20 сәуірден 1
тамызға дейін

7

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден 10
маусымға дейін

8

Картоп

10-31 мамыр
аралығында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады