"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 3-тармағының 5) тармақшасы, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша 2011 жылы Аманкелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Ахметов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Аманкелді ауданының | |
кәсіпкерлік, ауыл | |
шаруашылығы және ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | |
_____________________ Е. Ещанов |
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 116 қаулысына қосымша |
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша 2011 жылы Аманкелді ауданының аумағында
егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi | Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
1 | Дәнді (жаздық) | 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
2 | Майлы | 15 мамырдан 30 мамырға дейін |