Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 128 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл
ауданының әкімі Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы бойынша қылмыстық-
атқару жүйесі комитеті басқармасының
Әулиекөл аудандық қылмыстық-атқару
инспекциясы бөлімшесінің бастығы
____________________ Ж.Б. Ақанов
Әкімдіктің
2011 жылғы 3 мамырда
№ 200 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға
сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Аумақты мұздан тазалау.
2. Аумақты қардан тазалау.
3. Аумақты қоқыстан тазалау.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
5. Аумақты арамшөптен тазалау.
6. Жас шыбықтарды қию.
7. Ағаштарды қию.
8. Ағаштарды ақтау.
9. Ағаш отырғызу.
10. Ағаш қоршауды жөндеу.
11. Қоршауды сырлау.
12. Ғимаратты ақтау.
13. Ғимаратты сырлау.
14. Гүл хауыздарын бөлу.
15. Газондарды қолмен қазу.
16. Шөпті шабу.