Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 200 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 мамырда № 9-7-138 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 128 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы бойынша қылмыстық-
      атқару жүйесі комитеті басқармасының
      Әулиекөл аудандық қылмыстық-атқару
      инспекциясы бөлімшесінің бастығы
      ____________________ Ж.Б. Ақанов

Әкімдіктің      
2011 жылғы 3 мамырда 
№ 200 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға
сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақты арамшөптен тазалау.
      6. Жас шыбықтарды қию.
      7. Ағаштарды қию.
      8. Ағаштарды ақтау.
      9. Ағаш отырғызу.
      10. Ағаш қоршауды жөндеу.
      11. Қоршауды сырлау.
      12. Ғимаратты ақтау.
      13. Ғимаратты сырлау.
      14. Гүл хауыздарын бөлу.
      15. Газондарды қолмен қазу.
      16. Шөпті шабу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады