Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.10.10 № 579 қаулысымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, "2011-2013 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 307 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-153 нөмірімен тіркелген) негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8 баптарына сәйкес, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделуінің аяқталуы бойынша қосымша тамақтануына табыстарын есепке алмай он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, операцияға нақты шығындар бойынша, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
3) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, санаториялық-курорттық емделуге жол жүруіне байланысты көлік шығындарын өтеуге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) айына отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, автономиялы жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне қатты отын сатып алуға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Егер ата-аналардың бірі немесе өзге де заңды өкіл баланың қайтыс болған күнінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
7) отбасындағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Қайтыс болған сәтінде жұмыссыз ретінде уәкілетті органда ресми түрде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне, не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
8) Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға үш мың теңге мөлшерінде;
9) мемлекеттік оқу гранттарының иегерлері немесе білім беру ұйымдарындағы оқуының төлеміне бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдер алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылар жастарына әлеуметтік көмек. Көмек оқу жылы ішінде екі тең үлестермен аударылатын, жылдық оқуының құны мөлшерінде көрсетіледі.
3. Мыналар:
1) жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатындығы;
2) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссия ұсынысын есепке алумен қабылданатындығы;
3) әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға аудандық бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілетіндігі;
4) әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылатындығы;
5) өтініш берушінің жалған мәліметтер беруі және осы қаулының 1, 2 тармақтарына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтардың топтарына өтініш берушінің сәйкес келмеуі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға негіздемелер болып табылатындығы белгіленсін.
4. Осы қаулы қосымшасына сәйкес, осы қаулымен қарастырылған әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттар тізбесі белгіленсін.
5. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған), "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-134 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Жітіқара аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
_______________ Д. Эстияров
2011 жылғы 16 ақпан
№ 106 әкімдік қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттар тізбесі
1. Әлеуметтік көмек (Жеңіс Күніне орай әлеуметтік көмектен басқа) тағайындауға арналған жалпы құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжат;
алушының банктік шотының бар екенін растайтын, шоттың нөмірі көрсетілген құжаттың көшірмесі.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға:
өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, қосымша тамақтануға:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
тиісті медициналық мекемеден, аурудың емделуде екендігін растайтын анықтама;
3) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, операцияға:
операцияның өтуі мен құнын растайтын құжаттар;
4) айына отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне, тұрмыстық мұқтаждықтарына және қатты отын сатып алуға:
өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының (азаматтың) табыстары туралы мәліметтер;
кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге:
қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама;
баланың тууы туралы актілік жазбадан үзінді;
ата-аналарының біреуі немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
6) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге:
қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама;
отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғандығы туралы ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін ұсынады;
7) техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылар жастарына әлеуметтік көмекке:
отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
оқу орнын және оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін растайтын, тиісті оқу орны берген құжат;
оқу төлемін растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
3. Салыстыру үшін құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда беріледі, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініштің берілген күні өтініш берушіге қайтарылады.