Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 106 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 наурызда № 9-10-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 579 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.10.10 № 579 қаулысымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, "2011-2013 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 307 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-153 нөмірімен тіркелген) негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68 баптарына сәйкес, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
      1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделуінің аяқталуы бойынша қосымша тамақтануына табыстарын есепке алмай он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, операцияға нақты шығындар бойынша, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
      3) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, санаториялық-курорттық емделуге жол жүруіне байланысты көлік шығындарын өтеуге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) айына отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, автономиялы жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне қатты отын сатып алуға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Егер ата-аналардың бірі немесе өзге де заңды өкіл баланың қайтыс болған күнінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      7) отбасындағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Қайтыс болған сәтінде жұмыссыз ретінде уәкілетті органда ресми түрде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне, не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      8) Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға үш мың теңге мөлшерінде;
      9) мемлекеттік оқу гранттарының иегерлері немесе білім беру ұйымдарындағы оқуының төлеміне бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдер алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылар жастарына әлеуметтік көмек. Көмек оқу жылы ішінде екі тең үлестермен аударылатын, жылдық оқуының құны мөлшерінде көрсетіледі.
      3. Мыналар:
      1) жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатындығы;
      2) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссия ұсынысын есепке алумен қабылданатындығы;
      3) әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға аудандық бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілетіндігі;
      4) әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылатындығы;
      5) өтініш берушінің жалған мәліметтер беруі және осы қаулының 1, 2 тармақтарына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтардың топтарына өтініш берушінің сәйкес келмеуі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға негіздемелер болып табылатындығы белгіленсін.
      4. Осы қаулы қосымшасына сәйкес, осы қаулымен қарастырылған әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттар тізбесі белгіленсін.
      5. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған), "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-134 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Жітіқара ауданының әкімі                   Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Жітіқара аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _______________ Д. Эстияров
 

2011 жылғы 16 ақпан   
№ 106 әкімдік қаулысына 
қосымша         

Әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек (Жеңіс Күніне орай әлеуметтік көмектен басқа) тағайындауға арналған жалпы құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      алушының банктік шотының бар екенін растайтын, шоттың нөмірі көрсетілген құжаттың көшірмесі.
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға:
      өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, қосымша тамақтануға:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      тиісті медициналық мекемеден, аурудың емделуде екендігін растайтын анықтама;
      3) барлық топтағы мүгедектерге, табысына қарамастан, операцияға:
      операцияның өтуі мен құнын растайтын құжаттар;
      4) айына отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне, тұрмыстық мұқтаждықтарына және қатты отын сатып алуға:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының (азаматтың) табыстары туралы мәліметтер;
      кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама;
      баланың тууы туралы актілік жазбадан үзінді;
      ата-аналарының біреуі немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
      6) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтама;
      отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғандығы туралы ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін ұсынады;
      7) техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылар жастарына әлеуметтік көмекке:
      отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу орнын және оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін растайтын, тиісті оқу орны берген құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Салыстыру үшін құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда беріледі, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініштің берілген күні өтініш берушіге қайтарылады.

О социальной помощи отдельным категориям граждан

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 16 февраля 2011 года № 106. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 16 марта 2011 года № 9-10-158. Утратило силу - Постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 10 октября 2011 года № 579

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 10.10.2011 № 579.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", на основании решения Житикаринского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 307 "О бюджете Житикаринского района на 2011-2013 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 9-10-153), в целях реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов", акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие виды ежемесячной социальной помощи из местного бюджета:
      1) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере четырех месячных расчетных показателей;
      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, согласно статьям 68 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", в размере двух месячных расчетных показателей.
      2. Определить следующие виды единовременной социальной помощи из местного бюджета:
      1) больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации по окончании лечения на дополнительное питание без учета доходов в размере десяти месячных расчетных показателей;
      2) инвалидам всех категорий, независимо от дохода, на операцию по фактическим затратам, но не более пятидесяти месячных расчетных показателей;
      3) инвалидам всех категорий, независимо от дохода, на возмещение транспортных расходов, связанных с поездкой на санаторно-курортное лечение, в размере двух месячных расчетных показателей;
      4) социально защищаемым слоям населения, имеющим среднедушевой доход семьи в месяц ниже продовольственной корзины, на бытовые нужды в размере семи месячных расчетных показателей;
      5) социально защищаемым слоям населения, проживающим в индивидуальных жилых домах с автономным отоплением, имеющим среднедушевой доход семьи ниже продовольственной корзины, на приобретение твердого топлива в размере семи месячных расчетных показателей;
      6) на погребение умерших несовершеннолетних детей в размере пятнадцати месячных расчетных показателей.
      Социальная помощь назначается и выплачивается заявителю, если один из родителей или иной законный представитель на день смерти ребенка зарегистрирован в качестве безработного в уполномоченном органе по вопросам занятости;
      7) на погребение умерших безработных, в семье которых среднедушевой доход ниже прожиточного минимума, в размере двадцати месячных расчетных показателей.
      Социальная помощь на погребение назначается и выплачивается членам семьи, либо лицу, осуществившему погребение умерших безработных, которые на момент смерти были официально зарегистрированы в качестве безработных в уполномоченном органе;
      8) ко Дню Победы участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере пяти тысяч тенге, лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере трех тысяч тенге;
      9) социальная помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов или получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования. Помощь оказывается в размере стоимости годового обучения, перечисляемого двумя равными долями в течение учебного года.
      3. Определить, что:
      1) уполномоченным органом по назначению и выплате вышеперечисленных видов социальной помощи является государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Житикаринского района";
      2) решение уполномоченного органа о назначении или отказе в назначении социальной помощи принимается с учетом рекомендации консультативно-совещательной комиссии по оказанию социальной помощи, созданной при уполномоченном органе;
      3) финансирование социальной помощи производится по бюджетной программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" в пределах сумм, предусмотренных на эти цели районным бюджетом;
      4) выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств на банковский счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций;
      5) основаниями для отказа в назначении социальной помощи являются предоставление заявителем недостоверных сведений и несоответствие заявителя категориям граждан, которым оказывается помощь в соответствии с пунктами 1, 2 настоящего постановления.
      4. Определить перечень документов для назначения социальной помощи, предусмотренной настоящим постановлением, согласно приложению к настоящему постановлению.
      5. Признать утратившими силу постановлении акимата "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы" от 11 января 2010 года № 2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 9-10-133, опубликовано 4 марта 2010 года в газете "Житикаринские новости"), "Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам" от 11 января 2010 года № 4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 9-10-134, опубликовано 4 марта 2010 года в газете "Житикаринские новости").
      6. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Жаулыбаева Е.А.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2011 года.

      Аким Житикаринского района                 К. Испергенов

      СОГЛАСОВАНО

      Главный врач государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Житикаринская
      центральная районная больница"
      Управления здравоохранения
      акимата Костанайской области
      ________________ Д. Эстияров

Приложение          
к постановлению акимата    
от 16 февраля 2011 года № 106 

Перечень документов для назначения социальной помощи

      1. Общие документы для назначения социальной помощи (за исключением социальной помощи ко Дню Победы):
      заявление лица, обратившегося за социальной помощью;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      документ, подтверждающий место жительства;
      копия документа, подтверждающего наличие банковского счета получателя, где указан номер счета.
      Для заявителя, являющегося законным представителем несовершеннолетнего ребенка - копия документа, подтверждающего наличие указанного статуса.
      2. Дополнительно для назначения отдельных видов социальной помощи предоставляются следующие документы:
      1) инвалидам, участникам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны:
      копия документа, подтверждающего социальный статус заявителя;
      2) больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание:
      копия свидетельства о рождении ребенка (для несовершеннолетних детей);
      справка из соответствующего медицинского учреждения, подтверждающая нахождение больного на лечении;
      3) инвалидам всех категорий, независимо от дохода, на операцию:
      документы, подтверждающие проведение и стоимость операции;
      4) социально защищаемым слоям населения, имеющим среднедушевой доход семьи в месяц ниже продовольственной корзины, на бытовые нужды и приобретение твердого топлива:
      сведения о доходах семьи (гражданина) за квартал, предшествовавший кварталу обращения;
      5) на погребение умерших несовершеннолетних детей:
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      выписка из актовой записи о рождении ребенка;
      справка из уполномоченного органа по вопросам занятости о регистрации в качестве безработного одного из родителей или иного законного представителя;
      6) на погребение умерших безработных:
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      документы, подтверждающие сведения о доходах семьи;
      справка из уполномоченного органа по вопросам занятости о регистрации умершего в качестве безработного;
      если погребение осуществлено не членами семьи умершего, заявитель предоставляет копию документа из ритуальной службы об осуществлении погребения;
      7) на социальную помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования:
      документы, подтверждающие сведения о доходах семьи;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение, предоставляется после совершения оплаты.
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.