Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 4 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 ақпанда № 9-10-134 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.02.16 № 106 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3606 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:
      1) мүгедек-балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне байланысты шығындардың орнын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексерілу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
      2) операцияларға - 15000 теңге сомасында;
      3) санаториялық-курорттық емделуге барып-келуіне байланысты, көлік шығындарының орнын толтыруға, 2000 теңге мөлшерінде;
      4) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай - мүгедек-балаларға тиісті жылға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке немесе карт-шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. Осы қаулының 1 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
      өтініш; азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; салық төлеуші куәлігінің көшірмесі; мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі; Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан анықтама (келісім бойынша).
      4. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 16 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                 Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады