Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ (бір жыл және одан да көп) уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) елу жастан асқан тұлғалар;
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) толық емес отбасылардың жұмыссыздары;
6) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздар.
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов