2011 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 168 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде № 9-10-160 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ (бір жыл және одан да көп) уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) елу жастан асқан тұлғалар;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) толық емес отбасылардың жұмыссыздары;
      6) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздар.
      2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                   Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады