Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 274 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 мамырда № 9-10-164 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 663 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.12.12 № 663 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс беруші жұмыстың түрлері мен көлемін, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттарын көрсете отырып, "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- уәкілетті орган) өтінім береді;
      2) уәкілетті орган:
      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссияның қарауына құжаттар дайындауды жүзеге асырады, және оның ұсынысын ескере отырып, тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі және көздері белгіленетін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасады;
      халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді.
      3) жұмыс берушілерді іріктегенде төлем қабілеттілігі, жалақы өз уақытылы төленуі есепке алынады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                             Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жітіқара ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ И. Григорьева

О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 28 апреля 2011 года № 274. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 30 мая 2011 года № 9-10-164. Утратило силу - Постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 12 декабря 2011 года № 663

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 12.12.2011 № 663.

      В соответствий со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующий порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест:
      1) работодатель, предлагающий организацию социальных рабочих мест, предоставляет заявку с указанием видов и объемов работ, размера и условий оплаты труда в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Житикаринского района" (далее-уполномоченный орган);
      2) уполномоченный орган:
      осуществляет подготовку документов на рассмотрение комиссии по отбору работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, и с учетом ее рекомендации заключает договоры с работодателями, предлагающими организацию социальных рабочих мест, в которых определяются обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест;
      направляет безработных из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места;
      3) при отборе работодателей учитываются платежеспособность, своевременность выплаты заработной платы.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Жаулыбаева Е.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Житикаринского района                      К. Испергенов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных
      программ Житикаринского
      района"
      _______________ И. Григорьева