Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.12.12 № 663 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс беруші жұмыстың түрлері мен көлемін, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттарын көрсете отырып, "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- уәкілетті орган) өтінім береді;
2) уәкілетті орган:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссияның қарауына құжаттар дайындауды жүзеге асырады, және оның ұсынысын ескере отырып, тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі және көздері белгіленетін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасады;
халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді.
3) жұмыс берушілерді іріктегенде төлем қабілеттілігі, жалақы өз уақытылы төленуі есепке алынады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара
ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН:
"Жітіқара ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________ И. Григорьева