Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын:
1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы,
Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Рақымжанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
_________________ С. Бурнашева
"Қамысты ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________________ Қ. Исмаилов