Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2011 жылғы 27 тамыздағы № 319 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 қыркүйекте № 9-11-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қамысты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын:
      1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы,
      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _________________ С. Бурнашева

      "Қамысты ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________________ Қ. Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады