Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2011 жылғы 26 қазандағы № 404 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 қарашада № 9-12-166 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 83 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.04.06 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрағасы                            Ф. Гиниятов

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Т. Салмина

Мәслихаттың 2011 жылғы    
26 қазандағы № 404 шешіміне 
қосымша            

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 26 октября 2011 года № 404. Зарегистрировано Управлением юстиции Карабалыкского района Костанайской области 8 ноября 2011 года № 9-12-166. Утратило силу - Решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 20 декабря 2012 года № 83

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 20.12.2012 № 83 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", стандартом оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, Карабалыкский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь:
      1) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области (далее прожиточный минимум) за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Карабалыкского района" (далее уполномоченный орган по вопросам занятости), единовременно, в размере 20 месячных расчетных показателей;
      2) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, единовременно, в размере 20 месячных расчетных показателей;
      3) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанные из специализированной противотуберкулезной медицинской организации без учета доходов, на дополнительное питание, единовременно, в размере 10 месячных расчетных показателей;
      4) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      5) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другие категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 2 месячных расчетных показателей;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на бытовые нужды, ежемесячно, в размере 2 месячных расчетных показателей;
      7) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума за квартал предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением от 06.04.2012 № 35 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" согласно приложению к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии                        Ф. Гиниятов

      Секретарь
      районного маслихата                        А. Тюлюбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Карабалыкского района"
      ________________ Т.Салмина

Приложение           
к решению маслихата      
от 26 октября 2011 года № 404 

Перечень документов, необходимых для получения
государственной услуги "Назначение и выплата социальной
помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям
местных представительных органов"

      1.Обязательные документы:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя, а для несовершеннолетних получателей – свидетельство о рождении;
      3) свидетельство налогоплательщика получателя;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      5) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя, прилагаются документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительные документы:
      1) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      2) для лиц из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      3) для лиц больных заразной формой туберкулеза, выписанных из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечение;
      4) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      5) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также других категорий лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      6) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      7) для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования:
      сведения о доходах получателя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение.
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. В случае, предусмотренном подпунктом 1) пункта 1 настоящего решения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработного.